» » №10 Қызылсай орта мектебі

 
 
 

№10 Қызылсай орта мектебі

Автор: admin от 25-08-2019, 21:14, посмотрело: 60

0 Қордай ауданы
№10 Қызылсай орта мектебі
Математика пәні мұғалімі Қаптағаева Ұ.Ө.

Күні : 30.01.2019ж Коучинг
Сабақтың тақырыбы: Критериалды бағалау
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жалпы мақсаттары: Тыңдаушыларды негізгі бағалауда қолданылатын критерийлерімен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың жолдарын көрсету
Оқу нәтижесі: Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер қалыптастырушы (формативті) бағалаудың тәсілдерін үйренеді, оның тиімділігіне көз жеткізеді.Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады. Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері: Тапсырмаларды орындау барысында мұғалімдер қалыптастырушы (формативті) бағалаудың тәсілдерін үйренеді, оның тиімділігіне көз жеткізеді.Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады. Дескриптор құрудың жолдарын үйренеді.

Негізгі идеясы: Критериалды бағалау дегеніміз не? Дескриптор не үшін қажет?
Пайдаланған әдіс-тәсілдер: Тренинг, топтық жұмыс, жеке жұмыс, кері байланыс, «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі
Қажетті құралдар: Интербелсенді тақта, маркер, ватман, стикер,бағалау фишкалары
Коучингтің өту кезеңі уақыты Коучингтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Ұйымдастыру,
Психологиялық ахуал 3минут -әріптестерді қарсы алу, жақсы көңіл-күй сыйлау (сый көрсету)

Топтарға бөлу. 3 минут Түстер арқылы топтастыру
Қызыл түс - Марс планетасы
Психологтар көкірегі ашық, жүрегін қуаныш кернеп отырған белсенділердің түсі дейді.
Көк түс - Венера планетасы
Көк түс - аспанның, мәңгіліктің түсі. Психологтар шыншыл, сенімділігі мол, байсалдылардың түсі дейді.
Сары түс - Меркурий планетасы
Алтын күннің, зиялы қауымның түсі. Психологтар белсенділігі зор, қасындағыларға шуағын себетін, үміт беретін, ашық мінезділердің түсі дейді.
Жасыл түс - Сатурн планетасы
Жасыл өркен, өсімдіктер, жапырақтың түсі. Психологтар сенімділігі зор, қасындағыларға сенімді дос әрі қорғаушы болып үміт беретін, салмақтылардың түсі дейді.
Мұғалімдер түстер арқылы топтасады
Слайд арқылы көрсету 3 минут Кри териалды бағалаудың құрылымы туралы Презентация көру
2 минут Критериалды бағалауды енгізудің негізгі мақсаты:
Мектепте оқу сапасын жоғарылату;
Оқушылардың қызығушылығын ояту;Критерийлер - оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды.

Білу 6 минут Ой қозғау: Оқытудың қандай түрлерін білеміз? Қатысушылар өздерінің пікірлерін айтады.
Жүргізуші толықтырады: Оқыту түрі 3-ке бөлінеді:
1.Бірлескен – топпен жұмыс
2. Біріккен – топтық және жұптық
3. Саралап—тапсырманы әртүрлі деңгейде талдайды: оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы,(мұғалім жетекші сұрақтар арқылы бағыттау). Оқушының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Топтар бір-бірін бағалайды: «Бағдаршам», «Басбармақ», «Қошемет», «Күлегештер»
Қатысушылар пікір алмасады
8 минут Топпен жұмыс: ватман, стикер, маркер, түрлі-түсті қағаздар
Түсіну:Қызыл түс – «Бірлескен оқу» туралы өз ойларын жазу
Көк түс – «Біріккен оқу» туралы өз ойларын жазу
Жасыл түс - «Саралап оқу» туралы өз ойларын жазу.
Сары түс – осы оқу түрлеріне дескриптор құру
Топ жұмыстарын талдау, бағалау

Қолдану: 3 минут Топтар бір-бірін бағалау. Әр топқа әр түрлі бағалау әдістерін бөліп беру. «Бағдаршам», «Басбармақ», «Қошемет», «Күлегештер».
Бағалауды талдау.

Бағалайды
Жинақтау: 5 минут Осы істеген іс-әрекеттерімізге дескриптор құру

Дескриптор құрады
Талдау:






Қосымша: 6 минут Критериалды бағалаудың мұғалімге берері...
Критериалды бағалаудың оқушыға берері...
Критериалды бағалаудың ата-анаға берері...
(кейбір мұғалімдерге қосымша тапсырмалар беру)
Сұрақ: менің іс-әрекетімнен не байқадың?
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы қатысушылар ой-пікірлерімен бөліседі.

Жинақтау: 3 минут Критериалды бағалау қажет пе?
Пікіралмасу
Бағалау: 3 минут Пайдасы туралы ой бөлісу
Ой бөліседі
Кері байланыс 5 минут Жұмыстың екі ұнаған тұсын, бір жақсартуды қажет ететін тұсын жазады.
Кері байланыс парақшасына өз ойларын жазады
Рефлексия:






























№ 10 Қызылсай орта мектебі







Коучинг

Аудандық семинар




Тақырыбы:
«Критериалды бағалау»


Математика пәні мұғалімі
Қаптағаева Ұ.Ө.











2018-2019 оқу жылы
Қызылсай ауылы

Категория: Мұғалімдер шығармашылығы

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.